BasNewsЖаңалықтар

Елордада 118 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған кәсіпкерлер сотталды

Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері 118 млн сомасындағы бюджет қаражатын жымқырғандары үшін сотталды. Бұл туралы  Basnews.kz  ақпарат порталы Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Нұр-Сұлтан қаласында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ бюджеттік ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша екі кәсіпкерге қатысты қылмыстық тергеуді аяқтады.

Айыпталушылар бақылауындағы кәсіпорындарға жалған тұлғаларды рәсімдеп, іс жүзінде негізгі қызметті өздері жүргізіп отырған. Жымқыру технологиялық процестерді жетілдіру бойынша техникалық жабдықтауға қызмет көрсетуге берген, шындыққа сай келмейтін 118 млн теңге сомасындағы шығынның өтеуін заңсыз алу арқылы жүзеге асырылған.

Көрсетілген мемлекеттік қаржылық көмек ең алдымен ОШБ қолдауға, сонымен қатар тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің өзіндік құнының түсу салдары мен шығынды өтеуге арналған.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданы сотының үкімімен кәсіпкерлер ҚР ҚК 190-бабының 4 б. (алаяқтық) сәйкес кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 жыл бюджет қаражатын алуға қатысты қызметпен айналысу құқығы мен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот сонымен қатар ынтымақтық тәртіпте кәсіпкерлерден «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ пайдасына мүліктік залал есебінде 118 млн теңге мен мемлекет кірісіне әр кәсіпкерден 1 770 000 теңгені мемлекеттік бажға өтеу түрінде өндіріп алуға қаулы шығарды.

Back to top button