BasNewsЖаңалықтар

Синоптиктер елордада және тағы екі өңірде ескерту жариялады

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты 16 маусымға бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Basnews.kz.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейетіні күтіледі.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Өңірдің басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Екпіні кей жерлерде 23 м/с жетеді. Шаңды дауыл сақталады.

Еске салайық, «Қазгидромет» алдағы үш күнде ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендейтінін мәлім еткен болатын.

Back to top button