BasNewsЖаңалықтар

Елімізде вакцинадан бас тартқандар үлесі 0,12 пайызды ғана құрады – сарапшы

2019 жылы екпеден бас тартудың 6003 оқиғасы тіркелді, бұл көрсеткіш бір пайыздан кем. Бұл туралы елордадағы №4 емхананың педиатрия бөлімінің меңгерушісі Виктория Виниченко мәлім етті, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Соңғы жылдары барша әлемдегі сияқты Қазақстанда да екпелерге қатысты әртүрлі пікірлер айтылуда. Атап айтқанда, вакциналау арқасында кейбір ауру түрлері толықтай жойылды десек те болады», – деді В. Виниченко Қазақстандағы міндетті екпе мәселесін талқылауға арналған онлайн конференцияда.

Оның пайымынша, вакцинаға қатысты қате немесе орынсыз пікірлер тарап жүр.

«Қазақстанда екпеден бас тартатындар саны өте көп деген жалған мәлімет. 2019 жылы вакцинадан бас тартудың 6 003 фактісі тіркелді, бұл өз кезегінде 1 пайыздан кем, яғни 0,12 пайыз шамасында», – деп нақтылады дәрігер.

Back to top button