BasNewsЖаңалықтар

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин коронавируске байланысты оқшаулану туралы шешім қабылдады. Қазір ол қашықтан жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Basnews.kz.

9 және 11 маусымда ол коронавирус жұқтырған денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдаған.

16 маусымда Нығматулин кезекті тестілеу өткізді. Өкінішке қарай, сынақ оң нәтиже көрсетті. Бұл ретте диагноз белгісі жоқ деп қойылған.

Мәжіліс төрағасы қашықтан, өзін-өзі оқшаулауда жұмыс істеуін жалғастырып жатыр.

17 маусымға жоспарланған Мәжілістің жалпы отырысын оның орынбасары өткізеді.

Back to top button