BasNewsЖаңалықтар

Кентауда жиһаз цехы өртенді

Түркістан облысы Кентау қаласындағы жиһаз цехында өрт болды, – деп хабарлайды Basnews.kz ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 16 маусым күні сағат 14.40-де Кентауға қарасты Шорнақ ауылдық округі Қосмезгіл елді мекенінде болған. Жеке аумақта орналасқан жиһаз цехының бірінші қабаты өртке оранған. Қызыл жалын жақын маңдағы 5 цехты да шарпыған.

«Күшті жел мен аптап өртті сөндіруге кедергі келтірді. Синоптиктердің мәліметінше, сол күні желдің екпіні секундына 9-12 метр болған. Ал ауа температурасы 33 градусқа дейін көтерілген. Өрт кешкі сағат 21.08-де сөндірілді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 138 маманы мен 34 техника жұмылды.

Back to top button