BasNewsЖаңалықтар

Барлығына бірдей ауруханада дәрігер мен орын жетпеуі мүмкін – Сәуле Қисықова

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирус инфекциясына байланысты тұрғындарды жауапкершілік танытуға шақырды, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Егер де, қала тұрғындары қазіргідей жауапсыз, немқұрайды жүрсе, онда олардың барлығына ауруханалардағы дәрігерлер мен орындар жеткіліксіз болады. Сәйкесінше, тұрғындарға медициналық көмек дер кезінде көрсетілмеуі мүмкін. Ұсынылған санитарлық нормаларды орындамасаңыздар, өте күрделі әрі ауыр жағдай орын алуы ықтимал», – деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол қала тұрғындарының көбісі коронавирус инфекциясымен байланысты күрделі жағдайды елемей жүргенін атап өтті.

«Сіздердің немқұрайды әрекеттеріңіз дәрігерлер мен медициналық ұйымдардың тапшылығына алып келуі мүмкін. Мұның салдары Италиядағы жағдайдың қайталануына әкеп соқтырады. Тұрғындардың денсаулығы бірінші кезекті өздерінің әрекетіне байланысты», – деді Сәуле Қисықова.

Back to top button