BasNewsЖаңалықтар

Сот Bek Air компаниясына клиенттердің билет құнын қайтаруды міндеттеді

Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты ҚР Азаматтық авиация комитетінің топтық шағымын қанағаттандыру үшін Bek Air әуе компаниясына билет ақшасын қайтару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Basnews.kz.

Комитет әуе компаниясынан жалпы 50 миллион теңгеден астам соманы қайтаруды талап еткен қазақстандықтардың мүддесін қорғады.

«Сот ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің шағымын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. «Bek Air» АҚ бұрын сатып алынған билеттердің құнын өтеуге міндетті. «Bek Air» компаниясынан әуе билеттері үшін төленген сома тұтынушылардың пайдасына өндіріп алынсын», – деді судья Әлия Менлибаева.

Бұған дейін, сот клиенттердің билет құнын қайтару үшін Bek Air мүлкіне тыйым салған болатын.

Айта кету керек, 2019 жылы 27 желтоқсанда «Bek Air» әуе компаниясының 2100 Алматы – Нұр-Сұлтан рейсі әуеге көтеріліп бара жатқанда биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға, одан кейін қосқабатты үйге соғылған.

Апаттан 12 адам қайтыс болды. 29 адам жарақат алды. 51 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді. Екі адам емханаға келген кезде қайтыс болды.

Back to top button