BasNewsЖаңалықтар

Президент Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері орден-медальдармен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды. Бұл туралы Basnews.kz ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды», – деді Берік Уәли желідегі парақшасында.

Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Back to top button