BasNewsЖаңалықтар

Алматыда коронавирустан 2 адам қайтыс болды

Алматы қаласында коронавирус инфекциясынан 2 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы қаласында коронавирус індетінен 2 науқас көз жұмды. Олар – 1960, 1957 жылдары туған ер азаматтар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды «коронавирус инфекциясынан қайтыс болған» деп тіркеуге шешім қабылдады», – делінген ақпаратта.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус барлығы 17225 адамнан анықталды, Оның ішінде жазылғандар саны – 10897, қайтыс болды – 120 науқас.

Көз жұмған науқастар бойынша өңірлер статистикасы:

Нұр-Сұлтан қаласы – 32

Алматы қаласы – 20

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 8

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 10

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Түркістан облысы – 8

Back to top button