BasNewsЖаңалықтар

Алматының қалалық мобилділік басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ерлан Әділов қалалық мобилділік басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Basnews.kz.

Ерлан Әділов 1976 жылы туған. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Көлік және құқықтану салалары бойынша екі жоғары білімі бар.

Көлік саласындағы қызметі Алматыдағы «№4 автобус паркі» ЖШС техника қауіпсіздігінің инженерінен басталды. Мемлекеттік қызметке 2007 жылы келді.

2008 жылдан бастап Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында көлік бөлімінің маманы болды. Аталған басқармада жұмыс атқарған жылдары мемлекетік қызметтің барлық сатыларынан өтті.

2018 жылдан бастап күні бүгінге дейін қалалық мобилділік басқармасы басшысының орынбасары болды.

Back to top button