BasNewsЖаңалықтар

Шетелден келген азаматтар қандай сақтық шараларын ұстануы тиіс

20 маусымнан бастап Қазақстан Түркияға әуе рейстерін қайта жандандырды. Осыған орай Қазақстанның көліктегі бас санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов шетелден келген азаматтар қандай ережелері сақтау тиістігін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Әуе рейстері елдердің санатын ескер отырып, кезең-кезеңімен қайта жанданады. Бірінші санатқа оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Тайланд және Қытай Халық Республикасы кіреді. Әзірше Қытайға әуе рейстері ашылмайды, кейінге қалдырдық. Себебі бұл елде ауруға шалдығудың екінші толқыны жүріп жатыр. Бірінші санатқа кіретін елдерге шектеу жоқ. Бұл елдерде жағдай тұрақты. Сол себепті азаматтардан термометрия мен сауалнамадан ғана өтеді деген шешім қабылданған», – деді ол.

Оның атап өтуінше, екінші санаттағы елдердің қатарына Түркия кіреді. Бұл елден келген жолаушылардың қолында коронавирус инфекциясына тест тапсырғаны туралы анықтамасы болуы тиіс. Ал анықтамасы жоқ азаматтарға 48 сағаттың ішінде ПТР әдісімен тест тапсыру туралы ескерту беріледі. Егер азамат осы уақыттың ішінде аталған тестіні тапсырмаса, онда әкімшілік шара қолданылады.

Үшінші санатқа кіретін Әзербайжан, Ұлыбритания, Ирак, АҚШ, Чехия сында елдерге әзірше ұшақ ұшпайды. Себебі бұл елдердегі ахуал тұрақсыз

«20 маусымнан бастап Түркиямен арада әуе рейстері ашылып, осы уақытта 6 рейс орыналды. Бұл күндері елімізге шамамен 905 жолаушы келді. Олардың ішінде 203 жолаушыда коронавирус инфекциясына тестіден өткендігі туралы анықтамасы болды. Қалған жолаушыларға коронавирусты анықтайтын тестен өту қажеттігі туралы ескерту берілді. Бұған қоса, келген азаматтардың барлығының дене қызуы өлшеніп, сауалнама толтырылды. Сауалнама келушілердің бірі ауырып қалған жағдайда онымен байланыста болған адамдарды тез арада анықтау үшін жүргізіледі. Алдағы уақытта эпидемиологиялық ахуал жақсаратын болса, онда өзге елдермен арадағы әуе рейстерін қайта ашу мәселесі қарастырылады», – деді Сәдуақас Байғабылов.

Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері әуе көлігімен келген жолаушыда дене қызуы болса 14 күнге оқшауланатынын әрі стаиционарлық карантинге жатқызылатынын айтты.

Back to top button