BasNewsЖаңалықтар

Көкшетау мен Степногор қалалары карантинге жабылады

Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Осы құжатқа сай Көкшетау мен Степногор қалаларында карантин шектеулері күшейтіледі, деп хабарлайды Basnews.kz.

Ақмола облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусинаның қаулысына сәйкес, 2020 жылғы маусымның 24-і сағат 00:00 бастап Көкшетау қаласы карантинге жабылса, 26 маусым сағат 00:00 бастап осындай шаралар Степногор қаласында қолға алынады.

Барлық автокөлік пен азаматтарға бұл қалалардың аумағына кіріп-шығуына тыйым салынады. Тек транзиттік жүк көліктері мен азық-түлік тасымалдайтын автокөліктерге рұқсат берілген.

Сонымен бірге, Көкшетау мен Степногор қалаларында кешкі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ға дейін автокөліктер мен тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салынады.

Бұдан бөлек, аталмыш қала тұрғындарына маска тағу және бір реттік қолғап киіп, қолды антисептикпен жуу жөнінде кеңес беріледі.

Жасы 65-тен асқандарға өзін өзі оқшаулау режимін сақтау ұсынылған.

Back to top button