BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Basnews.kz.

Облыс басшысы COVID-19 инфекциясын жұқтырғанын әлеуметтік желіде жариялады.

«Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларына қарамастан менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және қашықтан жұмысымды жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын. Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз!» – деп жазды өңір басшысы Instagram парақшасында.

Back to top button