BasNewsЖаңалықтар

Таразда карантин кезінде беташар өткізгендер жазаланды

Тараз тұрғындары карантинге қарамастан үйінің ауласында беташар өткізген, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат портал Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Беташардың видеосын Instagram желісінде @kuandyk_sagynyw есімді қолданушы жариялады. Видео кадрларынан беташарға 50-100 адам келгені байқалады.

https://www.instagram.com/tv/CBxmVLiFkTw/

Жамбыл облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға Тараздағы Шолдала тұрғын алабында болған.

«Полиция қызметкерлері үй жағдайында беташар ұйымдастырған адамды анықтады. Белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу мәселесімен Тараз қаласы әкімдігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы айналысады», – деп хабарлады ведомстводан.

Back to top button