BasNewsЖаңалықтар

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Basnews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

26 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде және Қостанай қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

26 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетау қаласында күн күркіреп, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады. Кей жерлерде жел екпіні – 15-20 м/с. Кей аймақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады.

26 маусымда Батыс Қазақстан облысы кей жерлерінде солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Орал қаласында солтүстіктен соққан желдің екпіні – 18 м/с болады.

26 маусым күндіз Алматы облысында және Талдықорған қаласында 36 градус аптап ыстық күтіледі.

26 маусым күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде және Ақтау қаласында шаңды дауыл соғады. Солтүстік және солтүстік-батыстан жел соғады. Жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

26 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде және облыс орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен жел соғады. Желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ал күндіз – 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады.

Back to top button