Пікір

Расул Жұмалы: Қазақша сөйлеудің маңызы

Жүрген жерімде Қазақша сөйлеуге тырысатынымды бұған дейін талай жаздым.

Сондағы байқағаным – көбіне қай ұлыс өкілі болмасын Қазақшаны өз деңгейінде (дүкен, базар, дәріхана, банк, қоғамдық көлік т.б.) кәдімгідей біледі. Онысы әбден негізді – тіпті өзіміз де шетелге барғанда үшінші-төртінші күннен бастап сол елдің тілінде әйтеуір түсінісіп жатамыз.

Ендеше біздегі Қазақ тіліндегі ортаның кеңеюіне не кедергі? Рас, кейде ана жақтан да импершіл түсініктегі пенделер табылады. Бірақ көп мәселе өзіміздің іштегі кедергіде – Қазақ емеспен, тіпті Қазақтың өзімен орысша шүлдірлей кетуіміз.

Егемендік тұсындағы екінші, енді міне үшінші де ұрпаққа жұққан отарлық сана-сезімнің вирусы. Онымен түпкілікті қош айтысу керек. Сондағысы дауға басудың реті шамалы.

Байыппен түсіндірсе көп нәрсе оң шешімін табады. Айналып келгенде Заң біздің жақта. Ал ол үшін орыстілді қауым өшікпей қайта алғыс білдіру керек.

Өйткені Қазақ тіліне баулу арқылы біз оларды бауырға басып өз Отанының тілін меңгеруге, тиісінше толыққанды азаматы ретінде сезінуге жол ашамыз. Түптеп келгенде бұл істер еліміздің тұтастығы мен өркендеуіне қосқан сүбелі үлесіңіз болып табылады.

Расул Жұмалы

  • орфографикасы мен стилистикасы сақталған
  • дереккөз facebook.com
Back to top button
Close