BasNewsЖаңалықтар

FIFA Қазақстанның футбол федерациясына 1,5 млн доллар көлемінде көмек береді

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық федерацияларға коронавируспен күресу үшін 1,5 млрд АҚШ долларынан береді. Бұл жөнінде ұйымның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Осы бағдарлама аясында FIFA-ға мүше барлық қауымдастыққа, оның ішінде Қазақстанның футбол федерациясына да көмек көрсетіледі.

Ұйымға кіретін 211 қауымдастықтың әрқайсысы 1 млн доллар көлемінде бірегей грант алады, сонымен қатар әйелдер футболын дамытуға қосымша 500 мың доллардан қарастырылған. Ал алты конфедерация 2 млн доллардың грантына ие болады.

Одан бөлек, әрбір халықаралық қауымдастық 500 мыңнан бастап 5 млн долларға дейінгі несиеге өтінім бере алады. Тек оның сомасы қауымдастықтың жылдық табысының 35 пайызынан аспауы керек.

Конфедерацияларға да 4 млн доллар көлемінде кредит ұсынылады.

Back to top button