BasNewsЖаңалықтар

Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ақылы ПТР-тест жасауды тоқтатты

«Ұлттық сараптама орталығы» АҚ коронавирусқа ақылы түрде ПТР-тест жасау қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Basnews.kz.

«2020 жылдың 25 маусымындағы ҚР Бас санитарлық дәрігерінің №43 қаулысына сәйкес, COVID-19-ға зертханалық сараптама жүргізу бойынша ақылы қызмет уақытша тоқтатылды. Тегін тестілеу сұрақтары бойынша емханаларға хабарласуыңызды сұраймыз», – делінген Ұлттық сараптама орталығының хабарламасында.

Айта кетейік, Ұлттық орталықта коронавирусқа ақылы ПТР тестілеу жүргізу құны 11 500 теңге болатын.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал қалаларында жеке тұлғалардан анализ алудың уақытша тоқтайтыны хабарланған еді.

Back to top button