BasNewsЖаңалықтар

Алдағы 3 тәулікте елімізде басым бөлігінде жауын жауады

Қазгидромет 30 маусым мен 2 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Қазақстанның басым бөлігіне Оңтүстік Каспий циклоны әсер етеді. Күн күркіреп, жаңбыр жауады, орталық аймақта кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, жекелеген аудандарда дауыл соғады, оңтүстікте шаңды дауыл болады», – делінген хабарламада.

Ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілмейді.

Back to top button