BasNewsЖаңалықтар

Мемлекет басшысы ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы Ақорда сілтеме жасап.

Кодексті ҚР Әділет министрлігі және ҚР Жоғарғы Соты әзірледі. Бұл – біздің құқықтық жүйеге арналған жаңа құжат.

Сот ісін жүргізуге тың серпін беретін бұл құжаттағы басты ерекшелік – енді дәлелдемелер жинау процесінде сот өте белсенді болады. Сот өз бетінше дәлелдер жинай отырып, даудың тиісті мән-жайларын анықтауға міндетті. Сондай-ақ сот актілерінің орындалуына сот бақылауы институты енгізілуде.

Атап айтқанда, соттар олардың талаптарын уақтылы орындауды қамтамасыз ету үшін процессуалдық мәжбүрлеу нысаны ретінде ақшалай айыппұлдарды (100 АЕК-ке дейін) бірнеше рет қолдануы мүмкін.

Кодексте 75 заңнамалық актіге түзетулер енгізу қарастырылған, оның 10 шақтысы жекелеген кодекстер.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Back to top button
Close