BasNewsЖаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев індеттің кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын жеткізді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Basnews.kz.

« www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келіп түсті. Қазіргі таңда оның үштен біріне ғана жауап берілді. Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда.

Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек. Телеарналардан, тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, сұрақтарына жауап алатын күнделікті бағдарламаларды ұйымдастыруға неге болмайды? Азаматтарға емдеудің протоколын, алгоритмін жеткізу керек. Дәрі-дәрмектер, оны пайдалану жөнінде түсініктеме беру қажет, – деді Президент.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.

Back to top button
Close