BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев: Ломбардтар мен басқа да қаржы ұйымдарының жұмысын тексеру қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады, деп хабарлайды BasNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерболат Досаев Президентке өткен жылғы қаржы-несие саясатына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысын баяндады. Ал мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына ақша-несие саясатын реттеуді, отандық банк секторының сапасын тексеруді, айырбас бағамын тұрақтандыруды тапсырды.

– Ломбардтар мен басқа да қаржы ұйымдарының жұмысына тексеру жүргізіп, аталған саладағы жағдай туралы ақпарат беруді тапсырдым. Бұл жұмысты жылдамдату керек. Тексерулердің қорытындысы негізінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Бас прокуратурамен бірлесіп, аталған саланы реттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және тұтынушылардың құқығын қорғау жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын, – деді Президент.

Back to top button