BasNewsЖаңалықтарСараптама
Отандық дәрігерлер парацетамолды немен алмастыруға болатынын айтты
Еліміздегі коронавирустың таралмауы бойынша құрылған ведомствоаралық комиссия құрамында парацетамол бар препараттардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды BasNews.kz.
Дәрілердің тізімі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында жарияланды. Дене қызуын түсіретін мынадай препараттар:
Парацетамол;
ТераФлю;
Цефекон;
Панадол;
Эффералган
Цитрамон П;
Фервекс және басқалары.
Толық тізім төмендегі суретте көрсетілген.
Еске салайық, бұған дейін бірқатар өңірдегі дәріханаларда вирусқа қарсы дәрілер, оның ішінде парацетамол жоқ болып, шу шыққан.
Кеше денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова таңертеңгі брифингте Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы және Қарағанды облысындағы дәріханаларда 1 шілдеден бастап парацетамол түсетінін айтқан.