BasNewsЖаңалықтар

Карантинге байланысты қандай жолаушылар пойызының тоқтатылатыны белгілі болды

5 шілдеден бастап елімізде бірқатар бағытта жолаушылар пойызының қозғалысына шектеу қойылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов айтты, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы «ҚазАқпарат»-қа сілтеме жасап.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімімен осы жылдың 5 шілдесінен бастап Алматы-Сарыағаш бағытындағы пойыз уақытша тоқтайды. Әлеуметтік маңызы бар бірнеше пойыздың қозғалыс жиілігі қысқартылады. Олар Нұр-Сұлтан-Алматы, Алматы-Павлодар, Нұр-Сұлтан-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Достық», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 3 шілдеден бастап 22 бағдар бойынша қаламаңы жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылып отыр. Бұған қоса, жолаушылар пойыздарындағы жалпы вагондар және Тальгоның 6 пойызындағы отырып баратын вагондар жабылады.

Back to top button