BasNewsЖаңалықтар

Павлодардан Алматыға ұшқалы тұрған әуе кемесіне найзағай түсті

Әуежайда FlyArystan компаниясының ұшағына найзағай түсіп, Павлодар-Алматы рейсі төрт сағатқа кешікті, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Болған оқиғадан соң бортқа техникалық тексеру жүргізілді. Лоукостердің PR-менеджері Ләззат Нәбиеваның айтуынша, ұшаққа зақым тиген жоқ.

133 жолаушысы бар рейс 18.55-те ұшуы керек еді. Оның артынан Нұр-Сұлтаннан екінші борт жіберілді. Сонымен, ұшақ Павлодардан Алматыға 4 шілдеде сағат 23.20-да шықты.

Сонымен қатар, Ләззат Нәбиева жолаушылар әуежайда күтіп отырғанда сусындар мен тамақ берілгенін айтты.

Back to top button