BasNewsЖаңалықтар

Коронавирус туралы мәліметті ешкім жасырып отырған жоқ – вице-премьер

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкімет Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша ақпаратты халықтан жасырмайтынына сендірді, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Шын жағдайды ешкім жасырмайтынын айтып өткім келеді. Күн сайын болатын жағдайды штабта қарастырамыз. Өлім жағдайы – басты проблема. Мен бүгін ешкім ақпаратты жасырмайтынын айтқым келеді. Әр облыс бойынша жағдайды күн сайын таңғы тоғызда штаб қарайды. Онда облыстың жағдайы да, елді мекендердегі жағдай да, компаниялардағы жағдайын да – барлық сала қаралады. Мысалы, бүгін Атырау облысын қарады. Тәулігіне 342 (ауырған) адам», – деді Тоғжанов ОКҚ брифингінде.

Вице-премьер ақпаратты жасыру ешкімге пайда әкелмейтінін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың өлім жағдайлары туралы мәліметтерді дүйсенбі сайын аптасына бір рет жариялайтынын хабарлады.

«Негізінде, бұл цифрлар бар, бірақ дүйсенбіде барлығы осы сандарды күтіп, өзара салыстыруға болатындай бір апталық кезеңді жасағымыз келеді. Біз өзіміз күн сайын мониторинг жүргіземіз», – деп түсіндірді министр.

Back to top button