BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатқандар жауапқа тартылатынын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрі-дәрмектердің бағасын негізсіз жоғарылатқандарды жауапқа тартуға уәде берді, – деп хабарлайды BasNews.kz.

Мемлекет басшысы Twitter-дегі жазбасында қазақстандықтардың дәріханалардағы бағаға қатысты шағымы орынды екенін айтты.

«Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады», – деді Тоқаев.

Back to top button