BasNewsЖаңалықтар

Денсаулық сақтау министрі шымкенттік Айна Бакееваның видеоүндеуіне жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шымкенттік реабилитологтың видеосына қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Айтылған сөздерге қатысты қазіргі таңда Қазақстанда қолданылатын барлық клиникалық хаттама халықаралық деңгейде мойындалғанын түсіну өте маңызды. Бұл танылған, дәлелденген әдістер. Отандық ғылым қайраткерлері, клиницистер осы тәсілдерді әзірлеп жатыр. Инфекционистер немесе біздің пациенттермен жұмыс істейтін дәрігерлер осы препараттарды қалай қолдануға болатынын, қандай дозада, асқынулар қайда, тәуекелдер қайда, қарсы көрсетілімдер қайда екенін біледі. Яғни бәрі осы препараттарды жеке қабылдауға байланысты. Бұл препараттар көптеген пациенті емдеп, оларды аурудан жазды және дәрігердің клиникалық хаттамаларда көрсетілген нақты тағайындауын пайдалану өте маңызды», – деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары шымкенттік дәрігермен байланысуға тырысқанын, бірақ әзірше барлық әрекет сәтсіз болып шыққанын айтқан. Ведомство оның барлық ұсынысын талқылау үшін реабилитологпен кездесуді жоспарлап отыр.

Мұның алдында реабилитолог Айна Бакеева Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеуін жолдаған болатын. Ол коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын қайта қарауды сұрады.

Back to top button