Елімізге көмекке келген ресейлік дәрігерлер қайда жіберілетіні белгілі болды
Қазақстанда жергілікті әріптестеріне көмек көрсету келген рессейлік дәрігерлер Нұр-Сұлтанда және басқа да өңірлерде жұмыс істейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz.
COVID-19 қарсы күресте практикалық және консультациялық қолдау көрсету үшін Мәскеуден арнайы рейспен ресейлік дәрігерлер делегациясы келді.
«Қазақстандық және ресейлік дәрігерлер өзара тәжірибе, білім алмасуды дәстүрге айналдырған. Қазір бүкіл әлемде ғалымдар мен дәрігерлер коронавирус инфекциясын емдеудің жаңа тактикалары мен әдістерін зерттеп, белсенді түрде тәжірибе алмасуда. Медициналық қоғамдастықтың ынтымақтастығы мен екі елдің жоғары басшылығы арасындағы келісімнің арқасында ресейлік және қазақстандық дәрігерлердің тәжірибе алмасуға мүмкіндігі бар. Біз әріптестерімізді Қазақстанда қуана қарсы аламыз»,- деді Қазақстанның Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Мұрат Шоранов.
Министрліктің мәліметінше, мәскеулік дәрігерлер делегациясы медициналық ұйымдарға практикалық қолдау көрсетеді.
Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог, пульмонологтар бар.