BasNewsЖаңалықтар

Бір күнде дәрілерді алып-сатумен айналысқан 76 адам ұсталды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 6 шілдеде Қазақстанда дәрі-дәрмектерді алып-сатумен айналысқан 76 адамның ұсталғанын айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz.

Министрдің айтуынша, дәрілерді заңсыз сату фактілері Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында анықталған.

«Іс-шаралар жалғасып жатыр. 6 шілдеде полицияға 76 адам жеткізілді, олардан 20864 дәрілік зат, оның ішінде глюкоза мен ферсинол тәркіленді. 2600-ден аса ацетилосалицилол қышқылы, оның 654 орам парацетамол және тағы басқа дәрілер алынды»,-деді министр.

Back to top button