BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысының әкімі елордадағы кордиологиялық орталыққа жеткізілді

Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр. Себебі әкімде ентігу мен жүрек жеткіліксіздігі пайда болды, – деп хабарлайды BasNews.kz.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте айтты.

“Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды (22 маусым-автор). Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады”, – деді Батыржан Байжұманов.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті.

“Ол жерде ем алып жатыр жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылып, жұмысқа кіріседі”, – деді Байжұманов.

Еске салайық, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың коронавирус жұқтырғаны 22 маусымда хабарланған болатын.

Back to top button
Close