BasNewsЖаңалықтар

Қолына пышақ ұстаған елордалық келіншек супермаркеттегілердің зәресін ұшырды (видео)

Елордадағы супермаркеттің бірінде қолына пышақ ұстаған әйел жұрттың зәресін ұшырды, деп хабарлайды BasNews.kz Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 шілде күні сағат 18:00-де Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел қолына пышақ ұстап, келушілер мен қызметкерлерге былапыт сөздер айтқан және азық-түліктерді шашып, сөрелерді қиратқан», – деп атап өтті ведомстводан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл фактіні растады. 1990 жылғы, бұрын сотты болған әйел ұстау кезінде полицейлерге қарсылық көрсеткен. Ол полиция басқармасына жеткізілді, қазіргі таңда тексеру жүріп жатыр.

Back to top button