BasNewsЖаңалықтар

Медициналық ұйымдарда қоғамдық бақылау жұмысын бастады

Жүзден астам қазақстандық медициналық ұйымдарды қоғамдық бақылау тобына кіруге ниетті екенін айтқан, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Бір тәулікке жетпейтін уақыт ішінде бізге жүзден астам адам хабарласып, қоғамдық бақылау тобына кіргісі келетінін айтты. Көбінесе Қазақстан аймақтарынан аудан орталықтары мен ауыл тұрғындары хабарласты. Адамдар туыстары мен жақындары қандай мәселемен бетпе-бет келгендері туралы жазып жатыр. Көптеген сын, ұсыныстар жазылуда. Көбінесе дәрігерлердің жұмыс жағдайы, ауруханаға түскен науқастардың жағдайы, елімізге келген гуманитарлық көмектің дұрыс бөлінуі туралы сұрақтар қойылуда», – дейді қоғамдық бақылау үйлестірушісі, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас.

Оның айтуынша, қазір қоғамдық бақылау штабы құрылуда.

«Біз ұйымдастырудың қиын кезеңіндеміз. Медициналық ұйымдар, жергілікті әкімдік, қоғамдық кеңес және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс механизмін жасап жатырмыз. Ертең кешке дейін өңірлік үйлестірушілер тізімі жарияланады. Сонымен қатар, қоғам белсенділерін жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету мәселесін шешуге тырысудамыз, себебі адамдардың қауіпсіздігі – бірінші мәселе», – дейді ол.

Қоғамдық бақылау тобының жұмысына халық қалаулылары да қатысқысы келетінін айтып өту керек. ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова да осы топқа қосылғысы келетінін айтты. Бұдан басқа да көптеген қазақстандық қоғамдық бақылау тобында волонтер болғысы келеді.

«Мен Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында волонтер болуға дайынмын. Өзім COVID-19-бен ауырдым. Аудитор болып жұмыс істеймін. Қай жерге көмек керек сол жерге қол ұшын соза аламын. Қоғамдық бақылау тобына кіріп, ауруханада көмектескім келеді», – деп жазды қала тұрғыны Айжан Сүлейменова.

 

Back to top button