BasNewsЖаңалықтар

Елімізде пандемия кезінде 51 медицина қызметкері көз жұмды

Елімізде пандемия кезінде 51 медицина қызметкері көз жұмды. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, – деп хабарлайды BasNews.kz.

«Біздің мәліметімізге сәйкес, 51 медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың жақындары мен туысқандарына көңіл айтамыз. 13 шілдеде Мемлекет басшысы қайтыс болғандардың барлығын мемлекет наградалармен марапаттады. 42 медицина қызметкері награда алды», – деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы коронавирус індеті өршіп тұрған өңірлерді атап, 5 айда Қытайдан 3 миллиард теңгеге тест сатып алғанын айтқан еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button