BasNewsЖаңалықтар
Алдағы үш күнде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады

«Қазгидромет» мамандары 23-25 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Basnews.kz.
Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағына қарай жылжиды. Соның әсерінен ел аумағында жаңбыр жауады.
Елдің солтүстік жартысында кей жерлерде қатты жаңбыр болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді.
Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.
Ауа температурасы төмендейді.