BasNewsЖаңалықтар
Әсем Нүсіпова ҚР ДСМ жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды
Әсем Нүсіпова ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Basnews.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысының Өкімімен Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылғандығын мәлім етті.



