BasNewsЖаңалықтар

Алматыда қосымша шектеу шаралары енгізілді

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада қосымша шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды Basnews.kz.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың көбі үй карантині талаптарын бұзған.

«Біз 200 жуық үй ошақтарын тексердік. 23 жағдайда заңбұзушылық болған. Науқастар үйде болмаған. Бұл вирустың тез таралуына ықпал еткен», – деді Бекшин.

Осыған байланысты қалада қосымша шектеу шаралары енгізілген.

«Мен қосымша шектеулер туралы қаулы шығардым. Ол симптомсыз науқастарды бақылауға бағытталған. Олар белгіленген үй карантинін бұзбауы тиіс», – деді Бекшин.

Карантин талаптарын сақтамаған адамдарды арнайы ұйым карантинге қамайтын болады. Егер осы әрекет бірнеше рет қайталанса, оларға айыппұл салынатын болады.

Back to top button
Close