Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ғизат Нұрдәулетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаға байланысты құрылған ведомствоаралық жедел тергеу тобының жұмысы туралы баяндады.
Мемлекет басшысы Бас прокурорға тергеу жұмыстарының әділ әрі жан-жақты жүргізілуін, қабылданған барлық шешімдердің заңды болуын және кінәлілердің жазасыз қалмауын қамтамасыз етуді тапсырды.



