BasNewsЖаңалықтарПікір

Айдос Сарым: Қордайдағы қақтығысты минутына дейін зерттеу керек

Белгілі саясаттанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айдос Сарым Қордайдағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әрине бұл – қайталанбауы тиіс өте қорқынышты оқиға. Бұл жайт барлығына сабақ болуы тиіс. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Біздің қоғам үнемі қозғалыста және онда архитектоникалық өзгерістер жүріп жатыр. Бұл әлемде өзгермейтін, тұрақты ештеңе жоқ. Сондықтан, өткен жылдардың шаң басқан лозунгтарын бүркенбей, өз елімізді, өз қоғамымызды зерттеуіміз керек», – деді Айдос Сарым.

Осыған байланысты, ішкі саясат құрылымын қайта реформалап, шиеленістің қайдан шыққанын зерттеу қажет.

«Біз қолда бардың бәрінен бір мезетте-ақ ажырап қалуымыз мүмкін екенін, бұрын жасырып келген дүниелеріміздің бәрінің бір сәтте беті ашылып, өзіміз көргіміз келмейтін дүниенің куәсі болатынымызды байқадық. Сондықтан қазір мерт болғандарды жерлеп, жаралыларды емдеп, ең бастысы – байыппен ойлану қажет. Халықтық дипломатия құралдарын ғана емес, гуманитарлық ғылымдарды – әлеуметтану, психология, конфликтологияны қолданып, қақтығыстың әрбір минутын зерттеу керек. Ассамблея институттарын қоса алғанда, мемлекеттік органдар мен ішкі саясат құрылымдарын реформалау қажет», – деді А. Сарым.

 

Back to top button