Мақсат Толықбай: Салықтың ақшасы – халықтың ақшасы!
YouTube желісінде «Халықтың ақшасы» атты жаңа жоба көрерменге жол тартты, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы.
Атақты саясаткер Маргарет Тэтчердің «мемлекеттің ақшасы деген ұғым жоқ, салықтың ақшасы деген ұғым бар» деген сөзі бар. Яғни салықтың ақшасы – халықтың ақшасы. Сол мол қаражат қайда, қалай жұмсалады? Бағдарлама осындай сауалдарға жауап береді.
Мәселен: Халыққа қажет жол, аурухана, мектеп т.б маңызды нысандарға, бизнесті, ауыл шаруашылығын қолдауға салық қаражаты қалай бөлінеді?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «еститін мемлекет» тұжырымдамасын ұсынды. Демек «еститін мемлекет» ашық болуы хақ. Сондықтан да жобада халық ақшасының қалай жұмсалып жатқанын ашық көрсетілмек.
Жоба авторы, әрі жүргізушісі белгілі журналист – Мақсат Толықбай.
Бағдарлама «Медиа даму қорының» қолдауымен шығарылуда.