BasNewsНовости

Елордада дәмханада газ баллоны жарылып, 33 адам зардап шекті

Елордада дәмханадағы жарылыс салдарынан 33 адам зардап шекті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды BASNEWS.KZ.

«Шұбар ауданында газ баллонының жарылуы салдарынан 33 адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алған олардың барлығы жедел жәрдем қызметімен қала ауруханаларына жеткізілді. Бейінді мамандар, медицина қызметкерлері зардап шегушілерге толықтай медициналық көмек көрсетуде», — деп атап өтеді басқармадан.

Басқарма мәліметінше, оқиға орнында 3 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр. Барлығы 22 бригада жұмылдырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button