
Қазақстанда алғаш рет тікелей дауыс беру арқылы өткен ауыл әкімдерінің сайлауына кейбір кандидаттар «Nur Otan» партиясының мүшелері бола отырып сайлау додасына өзін-өзі ұсыну арқылы қатысты. Саясаттанушы Эдуард Полетаевтың пікірінше, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуінің бір себебі кандидаттардың лайықты құрамымен байланысты, деп хабарлайды BasNews.kz.
«Партия ауылдық жерлердегі электораттың әлеуметтік-демографиялық құрылымының негізгі артықшылықтарын ескере отырып, кандидаттардың оңтайлы құрамын қалыптастырды. Кандидаттардың 35%-тен астамы жаңа тұлғалар, әйелдер — 11%, 35 жасқа дейінгі азаматтар — 14%, орташа жас — 46. Билеуші партияның парламенттік сайлаудағы көрсеткіштері де осындай еді, бұл партияның жаңару бағыты қалыптасқан үрдіс екенін көрсетеді», — деді сарапшы zakon.kz сайтына жариялаған мақаласында.
Айта кетейік, нұротандық кандидаттардың арасында өткен жылғы праймериздің қатысушылары, бастауыш ұйымдардың төрағалары болды. Сонымен бірге, партиялық кандидаттар құрамының негізін шаруашылық саласының мамандары құрады. Тәжірибелі кадрларды жинақтау бірнеше міндеттерді шешіп берді, деп есептейді ол.
«Олар мемлекет белгілеген тіркеу шарттарынан басқалармен тең дәрежеде өтті: сайлау тартымдылығын арттырды; алдағы төрт жылда нәтижелі жұмыс үшін негіз қалады. Сонымен қатар билеуші партия өзін-өзі ұсыну тетігін пайдаланды. Кейбір кандидаттар «Nur Otan» партиясының мүшелері бола отырып сайлау додасына өзін-өзі ұсыну арқылы қатысты. Нәтижесінде сайлауда өзін-өзі ұсынған 65 кандидат немесе жаңадан сайланған әкімдердің жалпы санының 8,9%-і жеңімпаз атанды», — деді Полетаев.



