Новости

Мамайдың зерттеулерінің барлығы бос қиял болып қала береді – сарапшы

Қазақстандық сарапшылар мен қоғамдық пікір иелері «Мамай соты» деген атпен белгілі, күні кеше нүктесі қойылған Б.Байбектің Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қатысты сотына байланысты әлеуметтік желілерде пікір білдіруде.

Сарапшы Меруерт Төлебаеваның пікірінше, аталған сот процесі қоғамдық санада демократия, бостандық және құқық сияқты маңызды ұғымдарды дұрыс түсініп насихаттауда жақсы сабақ болды.

«Кеше ғана аяқталған Б.Байбек пен Ж.Мамай арасындағы сот процесі елімізде саяси мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық санада демократия, бостандық және құқық сияқты маңызды ұғымдарды дұрыс түсініп насихаттауда өте жақсы сабақ болды деп ойлаймын, себебі аталмыш сот процесі елімізде жаңа құқықтық мәдениет қалыптастырды. Әрбір азамат демократия ойыңа келгенді айтып, интернет желісінен алынған материалдарға сүйене отырып, қоғам қайраткерін айыптау емес, керісінше тұлғаның құқығын мойындау, өз әрекетіне заң аясында жауап беру, мәдени қарым-қатынас жасап өзгенің құқығына нұқсан келтірмеу екенін түсінуге алып келді», — деп жазды сарапшы фейсбук парақшасында.

Оның айтуынша, соттың арқасында Ж.Мамай саяси мансабын мен беделіне қатты нұқсан келтіріп, әшкереленді.

«Бұдан кейін оған кім сеніп, артынан ере алады? Енді оған ешкім сенбейді. Оның жүргізген өзіндік журналистік зерттеулерінің барлығы — бос қиял болып қала береді, әттең бос желге ұшқан ақшалар ай. Екіншіден, бұл сот процесі Жанболат Мамайдың адамдық қасиеттеріне баға беруге төмен деңгейде екенін де көрсетіп берді, саяси тұлғаға тән ерекше қасиет пен биіктік таппай керісінше, қазақстандық демократияның әкесі рөліне сәйкес келмейтін бос және истерикалық кейіпкерді, жарамсақтық, жағымпаздық арқылы халыққа әсер етуді мақсат тұтқан, қысқасы саяси демагогты байқадық», — деп қосты Төлебаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button