BasNewsНовости

Шымкенттік полицейлер 30 жылдыққа 30 игі іс жасамақшы

Шымкент қаласы Полиция департаментінің полицейлері «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорымен де етене байланыста болып, мұқтаж жандарға ұдайы көмектесіп отырады. Қазақстан полициясының 30 жылдығына орайластырылған 30 игі іс акциясы аясында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері алты бала тәрбиеленіп жатқан көмекке мұқтаж отбасының шаңырағына барды.

Жылағанды жұбату, көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созу – ізгі істің үлгісі. Қайырымдылық – игі іс. Полиция қызметкерлері қашанда көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, әрқашан көмек көрсетуге дайын.

Шаңырағының ұйытқысы – анасы денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеліп, емді қажет ететін жан. Отбасының үлкен балдары аналарына барынша көмектесуге тырысады. Қиын өмірлік жағдайға тап болған жанұяның кешіп жатқан тұрмыстық күйі туралы білген соң, полицейлер оларға мұндай қиын кезеңде көмек көрсетуге шешім қабылдады. Тәртіп сақшылары балалар мерекесі күні анасына емделу үшін қаржылай көмектесті және отбасын азық-түлікпен, балаларды тәттілермен қуантты.

«Тыныштығымыздың кепілі – полиция қызметкерлері ауыр жұмыс жүктемесінің арасында уақыт бөліп, біздей жандарды елеп-ескеріп, көмек бергендеріне рақмет. Жасаған жақсылықтары Алладан еселеп қайтсын. Бала-шағам да мәз-мейрам. Осындай шуақты мереке – балаларды қорғау күніне орай арнайы келіп, бізді отбасымызбен қуантты. Күнделікті жаңалықтардан естіп жатамыз, сақшылардың ерліктері мен көмектерін, бірақ дәл осылай бізге де келіп жақсылық жасайды деп күтпедім. Дән ризамын», — деп анасы Айгүл Құралбаева шынайы ризашылығын жеткізді.

Әр полиция қызметкері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, ізгілік көмек көрсету өздерінің азаматтық борышы деп біледі. Өз қызметтерін адал атқарып жүрген тәртіп сақшылары қайырылымдылықпен айналысып, қамқоршысынан айырылған жалғыз басты аналарға да көмек беріп тұрады. Айта кететін жайт, осындай қайырымдылық іс-шаралар полиция қызметкерлері тарапынан жиі ұйымдастырылып жатыр. Себебі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, ізгілік көмек көрсету өздерінің азаматтық борышы деп біледі. Шымкент қаласы Полиция департаментінің жеке құрамы көп балалы және жалғызбасты аналардың отбасы мүшелеріне үнемі көмек қолын созуды дәстүрге айналдырған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button