BasNewsНовости

Еңбекші ауданы аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді

Бүгін Еңбекші ауданы аумағында сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан 11 шағынаудан аумағында орналасқан Орынбай ақын № 95, 95A, 97,97A көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында ағаштарды әктеу, санитарлық қырқу және шөп ору жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағында орналасқан саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау бойынша қураған ағаштарды қырқу, шөптерді орып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жедел мобильді топ анықтаған кемшіліктер шұғыл түрде ретке келтірілді. Жасыл желектерді суаруда әртүрлі әдістер қолданылды.

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасы бойынша мегополисте санитарлық тазалау жұмыстары күшейтіліп, төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары тұрақты түрде атқарылып келеді. Бүгінде Еңбекші ауданы аумағындағы көшелердің жол бойын жиек тастар жанын жуу, сыпыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ирригациялық арықтар аумағы, жаяу жүргіншілер жолы кестеге сәйкес тазаланды. Айта кету керек, қала тазалығы басты мәселе, сол себепті де аудан аумағындағы тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының толық бақылауында болады.

Сонымен қатар, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандары «18»-ші шағын аудандағы # 2,3, 12, 8,20, 10,21,25, 76,78 көпқабатты үй ауларын аралап, жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын пысықтады. Мамандар балалар ойын алаңшаларының негізгі қабатының әзірлігін тексеріп, бетон құю жұмыстарын қадағалады. Аралау барысында тұрғындарға жұмыстардың атқарылу барысын баяндап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

–Шымкент – әсем әрі жасыл қала. Архитектуралық құрылысы  жағынан бір-бірінен асып түсетін ғимараттарын айтпағанда, қала келбеті жыл сайын өзгеріп, көркейіп келеді. Әсіресе қаланың көркі көктемде ерекше кейіпке еніп, түрлене түседі. Өйткені, шаҺар жасыл желекке оранып, қызылды жасыл гүлдермен көмкеріледі. Айналаның тазалығына жауапкершілікті арттыру жөнінде коммерциялық нысан иелері және мердігер ұйымдар арасында нақты жауапкершілік міндеттемелерін бөліп, бекітіп беру керек. Мердігер ұйымдарда мониторинг және бақылау құрылымдары ашылып, атқарылған жұмыстарға бақылау жүйесі күшейтіледі. Бұл өз кезегінде қаланы абаттандыру және санитарлық тазалығын сақтау саласындағы жұмыстарды жүйелендіруге ықпал етеді, – деді қала әкімі.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты. Қаланы санитарлық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға үлес қосуға бағытталған сенбілік барысында қала маңайындағы ағаш түптері қопсытылды.

Сенбілік – ұжымдық еңбек дәстүрі. Әрине, ол сонау кеңес дәуірінде үрдісті болатын, дегенмен қазір де оның маңыздылығы зор. Тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылыс барлық азаматтарда қалыптасуы тиіс, экология мәселесі де алаңдатарлық. Өз қаламыздың таза да әдемі болуы өз қолымызда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button