BasNewsНовости

Шымкентте туристік ақпараттық орталықтардың халықаралық І слеті басталды

Бүгін Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының “Visit Shymkent” орталығының ұйымдастыруымен тұңғыш рет Орталық Азиядағы туристік ақпараттық орталықтардың Халықаралық І слеті басталды. Аталған іс-шараға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысты.

Іс-шарада қала әкімінің орынбасары келген орталық өкілдеріне алғыс білдірді. Жалпы, кездесуге Өзбекстан елінің 8 облысынан өкілдер арнайы келіп қатысса, Қырғыстан, Тәжікстан, Әзірбайжан республикалары мен “Kazakh tourism” ҰК онлайн түрде қатысты. Одан өзге, еліміздің 7 аймағынан, яғни «Тараз-туризм», «Visit Aqmola», «Zhetysu Travel”, Семей, “Turkistan Tourism Center”, Visit Nur-Sultan, Шығыс Қазақстан облысының визит орталықтары төбе көрсетті.

Қазіргі таңда өңірлерде туризм басқармасына қарасты болып табылатын Туристік ақпараттық орталықтар — туристік имиджді дамыту, маркетинтік ілгерілету, туристік маршруттарды ұсыну, қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беру қызметтерін атқарады.

Халықаралық шараның алғашқы күнінде – сала өкілдері арнайы баяндама жасап, ортақ талқылаулар жүргізсе, екінші күні экскурсиялық бағдарлама аясында Шымкент қаласының көрікті орындары және тарихи нысандарына саяхат жасайтын болады.

“Visit Shymkent” ТАО-ның басшысы Ерлан Умаров орталықтардың байланысын күшейту үшін біршама ұсыныс айтты және аймақтық визит оталықтар – шетелдік нарықта «Visit Kazakhstan» ортақ атауымен танылатынын ескеріп, осы атауға біріге отырып, ортақ мақсат аясында жұмылу қажеттігін айтып өтті.

Әрбір турист — Шымкент үшін әлеуетті инвестор. Ал әрбір инвестор — турист. Қаланың әрбір тұрғыны — біздің қалаға турист тарту бойынша агент. Жалпы, 2022 жылдың I тоқсандық көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы Республика көлемінде 3 орынға жайғасқан”, — деді “Visit Shymkent” ТАО-ның басшысы.

Сонымен қатар, слет аясында “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығы Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің облыстары мен өзге де жалпы саны 5 туристік ұйыммен екіжақты келісімге қол қойды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button