BasNewsНовости

Қазақстандықтарға кредиттік каникул беріле ме?

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев мәжілісте елде коронавирус салдарынан төтенше жағдай енгізілген кезеңде бизнесті қолдау шаралары қарастырыла ма, деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

— Үкімет шағын және орта бизнесті қосымша қолдау шаралары бойынша жұмыс жүргізуде. Президент сондай тапсырма берді. Қандай шаралар ұсынылғаны алдағы уақытта хабарланады. Қазір олар пысықталуда, — деді Мәдиев.

Сонымен бірге, спикерге кәсіпкерлерге арналған несиелік демалыс туралы сұрақ қойылды, бірақ вице-министр тікелей жауаптан жалтарып кетті.

«Қазір қалыптасқан күрделі жағдайды жеңілдету үшін бірқатар шаралар қарастырылуда», — деп қайталай салды ол.

Оның айтуынша, келтірілген залалды анықтау үшін «қазір барлық есептеулер жүргізіліп, тиісті шаралар әзірленуде».

«Төтенше жағдай бүгін ғана енгізілді», — деп еске салды вице-министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button