BasNewsНовости

Ауданның тазалығы ел игілігіне айналуда

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарының барысы туралы баяндады.

Жалпы Әл-Фараби ауданы Шымкенттің халқы ең тығыз орналасқан тарихи орталық ауданы саналады. Мұнда қаланың маңызды білім, әкімшілік, тарихи, мәдени және ойын-сауық орталықтары орналасқан. Аудан территориясында 2 мемлекеттік жоғары оқу орындары, қалалық және аудандық әкімдіктер, Шымкент көне қалажұрты, “Ескі қала”, филармония, А.С.Пушкин атындағы кітапхана, “Қиял әлемі” саябағы, “Тәуелсіздік” саябағы, “Кең баба” этносаябағы, Әл-Фараби және Ордабасы алаңдары, ОӘД, «МЕГА Сһyмкент» ОСО, 5 жұлдызды «Rіхос» қонақүйі, Қошқар ата өзені жағалауы орналасқан. Сондай-ақ, ауданда қаладағы алғыз темір жол вокзалы, 20 ұлттық мәдени орталықтары және 15 діни бірлестіктер, 18 өндіріс ошақтары, 30 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар орналасқан. Әл-Фараби ауданында Шымкенттің ірі магистралдары қиылысады. Шығыстан батысқа қарай Тәуке хан даңғылы, Түркістан көшесі, Ғ.Ильяев, Т.Рысқұлов көшелері, оңтүстіктен солтүстікке қарай Д.Қонаев даңғылы, А.Байтұрсынов, Қазыбек би, көшелері көсіліп жатыр. Қалаға жер қосылғанға дейін аудан толығымен тығыз урбандалған аумақта орналасты. Алайда аудан іріленгеннен кейін, оған жалпы халық саны 20 мың тұрғыннан асатын ТассайТаскенМәртөбеДостықҚызылсайТекесу және Тәжірибе елді мекендері келіп қосылды. Аудан аумағында 372 көше, 776 көпқабатты үй, 21886 жеке үй орналасқан. Тазалық жұмыстарын жүргізу үшін аудан 7 секторға бөлінген. Мұнда ішкі орамдық көшелер аптасына 2 рет, 172 қоқыс жәшігі күніне 3 рет, 425 қоқыс жәшігі күніне 2 рет, көп қабатты тұрғын үй аулалары аптасына 4 рет қоқыстан тазартылады.

Көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстау мақсатында биыл 6 ай көлемінде: 1750 дана ағаш қырқылған, 11 420 ағаш әктелген, 100 413 дана гүл және 3300 ағаш отырғызылған. Жыл соңына дейін 180 мың түп гүл, 8 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button