BasNewsНовости

Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі

Көпэтносты мемлекеттің қазақстандық моделі басқа этностардың дамуы үшін барлық жағдайларды бір мезгілде жасай отырып, мәдени қазақ өзегінің мақсатты дамуымен сипатталады.

Бұл тұрғыдан алғанда ерекше миссия мен жауапкершілік бай тарихы бар және басқа халықтарға төзімділік, ашықтық және тілектестік сипаты бар біріктіруші, топтастырушы этнос ретінде қазақ халқына жүктеледі.

Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық — саяси және әлеуметтік тұрақтылығы, оның бүгіні мен болашағы көп жағдайда мемлекет құрушы ұлт — қазақтардың даму деңгейіне тәуелді.

Қазіргі уақытта республикадағы қазақтардың саны 13 млн. адамнан асты; тәуелсіздік жылдары республика бойынша қазақтардың саны екі есе өсті.

Шымкентте титулдық ұлт өкілдерінің саны қала халқының жалпы санының 68% — дан астамын құрайды.

Тарихи перспективада мемлекет құрушы ұлттың негізгі миссиясы жоғары фазасы азаматтардың саяси ұлтын қалыптастыру болып табылатын ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы болуға тиіс.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл үдерістің жалпы бағыттылығы — этностық бірліктен мәдени және тілдік бірлікке дейін.

Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің рөлі мен маңызын арттыру – бұл уақыт талабы; ұлт Тарихи сабақтастықта, географиялық және әлеуметтік кеңістікте халық бірлігін сақтайтын тілі өмір сүргенше толыққанды болып табылады.

Бұл істе «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру маңызды рөл атқарады, оған алты арнайы жоба кіреді: «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті географиясы», «Заманауи әлемдегі Қазақстанның мәдениеті», «100 жаңа оқулықтар», «Қазақ тілінің латын графикасына ауысуы», «100 жаңа адамдар».

Әлемдегі әрбір ұлттың әлеуеті – бұл тарихтың сабақтарынан үлгі алуы мен тәжірибе жинақтаудағы қабі­летіне тікелей байланысты. Мысалы, Қы­тай XV ғасырда бүкіл әлем­дегі ішкі жалпы өнімнің жартысына ие болды. Бірақ, басқа әлемнен оқшау­ланып, «Күн астындағы» империя­мыз деп тоқмейілсіген қытайлар индустрия­лық жағынан әлемдегі да­мыған мемлекеттерден кенже қалып, Батыс елдері тарапынан басқын­шылыққа ұшырады. Ал XIX-XX ға­сырларда азамат соғысының тауқы­метін бастан кешірді. Тарихтың сабақ­тарын ескерген Қытай қазір эконо­микада, жаңа технологияларды ен­гізіп пайдалануда едәуір ілгері­леуге қол жеткізді.

Рухани жаң­ғы­ру бағдарламасы оны дәйекті түрде жүзеге асыру тұрғысынан жан-жақты талқылау мен зер­де­леуді қажет ететін маңызды құ­жат болып табылады. Бұл жерде, нем­құрайлылық пен дүмбілездік орын алмауы тиіс. Өйткені, бұл мәселе біздің ұлтымыздың бола­шағы мен рухани әлеуетіне тіке­лей қатысты. Түптеп келгенде − бұл күйзеліс пен дүрбелеңнің, сонымен қатар,  прогресс пен да­мудың алмағайып кезеңінде Қазақ­станның экономикалық және технологиялық жаңғы­руы­ның идео­логиялық негізі. Біз, қазақ ұлты рухани жаңғыру арқылы өрке­ниетті әлемнің ажырамас бөлігіне айналамыз. Бұл – біздің тарихи таңдауымыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button