BasNewsНовости

Қаратау ауданы: Қала көркіне сай келмейтін заңсыз жарнамалармен күрес жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Аудан аумағында ретсіз сауда орындарын болдырмау және алдын алу мақсатында Қаратау ауданы ІІД ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесе тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы (2022 жылдың 6 айында) ҚР ӘҚБК 204-бабына сәйкес-595 хаттама толтырылып 3 108 945 тг өндірілді.   Ал 505 бабына сәйкес 1113 хаттама толтырылып 1 546 815 тг  өндірілді.

Аудан аумағындағы басты көшелерде қала көркіне сай келмейтін заңсыз жарнамалармен күрес жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Биылғы жылдың осы кезеңіне дейін, аудан аумағындағы үлкен жол бойында және электр бағаналарындағы 474 заңсыз жарнама анықталып, түсіндіру жұмыстары жүргізу нәтижесінде  366 жарнама иелері тарапынан алынып тасталды.

Аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда орналасқан дүңгіршектер мен киіз үй иелеріне құзырлы мекемелердің қызметкерлерімен бірлесе түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2022 жылы заңсыз орналасқан 36 дүңгіршек  иесі өз еріктерімен алып тасталынды.

 Шымкент қаласы Цифрландыру басқармасының «I-KOMEK 109»  ситуациялық орталығына ағымдағы жыл басынан аудан құзырына қарасты   585 өтініш келіп түскен, 571 өтінішке жауап берілді, 14 өтінішпен жұмыс атқарылуда. Өтініштердің шешімі табуы бойынша тұрғындармен кері байланыс  орнатылып, жұмыстар жүргізілуде.

Аудан аумағындағы су алу қаупі бар орындар мен ирригациялық арық салу бойынша жұмыстарға келсек,  аудан аумағындағы 378 көшеге ирригациялық орнатылған. Жалпы ұзындығы– 225,2 км. құрайды. Аудан аумағында су басу және көлдеу қауіпі бар 22 мекенжай анықталып (Ұзындығы 13,7 шақырым) 2022 жылы ирригациялық жүйелер салу жоспарланған. Қазіргі таңда, 12 орынға мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары кезеңмен атқарылуда. Ал, қалған мекенжайларға мердігер мекеме анықталуда.

Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мәселелері. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, тұрғындарға тұрғын үйлерді басқару жүйесін, «Мүлік иелерінің бірлестігін» немесе «Қарапайым серіктестік» құру қажеттігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, қазіргі таңда 10 мүлік иелерінің бірлестігі және  374 қарапайым серіктестік құрылды. Қазіргі таңда, жаңадан пайдалануға берілген көп қабатты үйлерде «Мүлік иелерінің бірлестігін» немесе «Қарапайым серіктестік» құру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Аудандағы ономастикалық ахуалға келсек, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің тапсырмасымен көшелерге кісі есімін беру тоқтатылған (мораторий). Алайда, жер-су, таулардың, табиғи көріністер мен қазақи көркем атауларды беру бойынша жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда, аудан аумағында атауы жоқ 156 көше орналасқан. Ағымдағы жылы 97 көшеге атау беру мақсатында хаттама толтырылып, республикалық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылды. Қазіргі таңда, аудан аумағындағы 155 көшеге тақтайша орнату жұмыстары жүргізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button